Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Банктер жаңа талаппен жұмыс істеуге көшеді

Банктер жаңа талаппен жұмыс істеуге көшеді

Банктер міндеттемелері бойынша ең төменгі резервтік талаптарды (ЕТРТ) арттыру туралы өзгерістер осы жылы күзде енгізілуі мүмкін.

  Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді.

«Соңғы екі-үш ай банк қауымдастығымен қызу пікірталас жүргіздік. Жалпы банк қауымдастығы барынша салмақты көзқарас танытты. Бізге бұл құралды барынша дәл орнатуға көмектескен техникалық, әдістемелік нақтылаулар көп болды. Қазір енгізуге дайын деп есептеймін. Бірақ осы жылдың қыркүйегінен бастап ЕТРТ кезең-кезеңімен қосылады деп жоспарлап отырмыз. Алдымен қыркүйек, қаңтар, сосын сәуір. Толыққанды үш кезеңде енгізіледі», – деді Сүлейменов. 

Сүлейменовтің сөзінше, банктердің барлығына бірдей жаңа талаптар ұнай қойған жоқ. Бірақ «қаржы нарғының мүддесі және инфляцияны тезірек тұрақтандыру үшін» қаржы ұйымдары келіскен.

Ұқсас материалдар