Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Банктерде юань саудасы бір айда 133 есе артқан

Банктерде юань саудасы бір айда 133 есе артқан

  Бірінші кредиттік бюро Қазақстан банктерінің арасындағы юань саудасы бір айда 133 есе артқанын мәлім етті.

«
Қараша айының қорытындысы бойынша биржадан тыс нарықта резидент банктер арасындағы алтын валютаны сатып алу/сату операцияларының көлемі 1,35 млрд юань болды. Бұған резидент емес тұлғалардың сату, сатып алу операцияларын қосса, сауда көлемі 1,45 миллиард юаньге жетеді», – деп жазылған сараптамада.

Нақты бір айдың көрсеткішін жеке алып қарасақ, көрсеткіш 133 есе өскен. Бір айдың ішінде осынша қарқынның байқалуына қазан айындағы юань саудасының мардымсыз болуы себеп болып отыр. Жалпы 11 айдың көрсеткіштерін алып қарасақ, соның жеті айында юань саудасы нөлге жақын белгілерде сақталды.

«Биылғы қараша айының көрсеткіші 2019 жылдан бері тіркелген екінші үлкен сома. Бұған дейін 2024 жылдың шілдесінде Қазақстан банктерінің арасындағы юань саудасының көлемі 1 миллиард юаньдік межеден асқан болатын»,  – деп жазды Бірінші кредиттік бюро сарапшылары. 

 

Ұқсас материалдар