Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Башар Асад өзімен бірге 135 миллиард доллар алып кеткен бе?

Башар Асад өзімен бірге 135 миллиард доллар алып кеткен бе?
Әлемдік БАҚ Сирияның қашып кеткен президенті Башар Асадтың өзімен бірге 135 миллиард доллар алып кеткені туралы хабарлауда. Олардың көпшілігі Түркияның  Turkiyegazetesi-не сілтеме жасаған. 

Сириялық барлаушы, майор Халид Бейе аталған басылымға Асадтың өзімен осынша көлемде ақша алып кеткені туралы айтыпты-мыс.  Алайда оны қалай, қандай жолмен, қашан алып кеткені туралы ақпарат бермеген.
Бейе: «Асад әулеті жылдар бойы азаматтық соғыс кезінде халықтың ресурстарын өз қалталарына салды. Режим құлаған кезде, олар ел экономикасының үлкен бөлігін өздерімен бірге алып кетті», – деген. 
Бұл айыптаудан кейін Асадтың тарихтағы ең бай босқындардың бірі болуы мүмкін деген пікірлер көбейген. Бұл байлықтың қайдан шыққаны және оның болашағы халықаралық қауымдастықтың басты назарындағы тақырыптардың біріне айналған. Асад отбасы бұл ақшаны қалай жұмсайтыны немесе бұл байлыққа қатысты қандай да бір тергеу бастала ма – бұл сұрақтар әзірге белгісіз. 54 жыл бойы Сирияны уысында ұстаған Асад отбасында қаражаттың көп екені түсінікті. Алайда Қазақстанның ІЖӨ-нің жартысына жуық қаражатты (2023 жылы Қазақстанның ІЖӨ - 261,42 млрд доллар) басқа елге қалай жеткізгені белгісіз.  

Айта кетейік, әлем Асад режимі құлағаннан кейін Сирияның болашағы қандай болатынын қызығушылықпен бақылауда. 

Ұқсас материалдар