Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Beeline, Kcell және Tele2: Ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу тоқтатылды

Beeline, Kcell және Tele2: Ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу тоқтатылды

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі KCell, Tele2, Beeline компанияларының үстінен тариф көтеру туралы «сөз байласу» күдігімен тексеру жүргізген.  

Тергеу барысы туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Болат Сәмбетов айтып берді.

Спикер ұялы байланыс операторларымен жұмыс жүргізіліп жатқанын растады.

«Қазіргі уақытта бәріміз ұялы байланыс пайдаланушысымыз. Біз талдау жүргіздік. Соңғы бірнеше жылда ұялы байланыс тарифтерінің өте жоғары өсуі байқалады. Біз алдын-ала заң бұзушылық белгілерін анықтадық. Өткен жылы барлық ұялы байланыс операторларының қызметтері бойынша тергеу бастадық. Үш компанияның сөз байласу белгілерін анықтадық, олар бойынша тергеу басталды. Бүгінгі таңда ол тоқтатылды. Қазір бізбен бірге сот процестері жүріп жатыр, яғни олар шағымданды. Қазір біз соттамыз», – деді Болат Самбетов.

Осылайша агенттік басшысының орынбасары барлық ұялы байланыс операторына қатысты тергеп-тексеру жұмысының әлі аяқталмағанын айтып отыр. 

Болат Самбетовтың айтуынша, қазіргі уақытта Beeline компаниясы агенттікті сотқа берген.

Ұқсас материалдар