Мақсат Нұриденұлы «Bereke Bank» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
Аталған өзгерістерге сәйкес «Bereke Bank» АҚ-ның Директорлар кеңесі құрамына Асқар Елемесов, Әділ Мұхамеджанов, Мақсат Нұриденұлы, Андрей Тимченко, Ерсаин Хамитов, Галим Хусаинов кірді.
Мақсат Нұриденұлы Халықаралық Бизнес Университетін (UIB) Қаржы мамандығы бойынша бітірген. Іскерлік Әкімшілендіру бакалавры. Сондай-ақ, Халықаралық бизнес академиясын «Менеджмент» бағыты бойынша «Master of Business and Economics» дәрежесімен аяқтаған. ҚР Президенттік кадрлық резервінің мүшесі.
Қаржы саласында 15 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Әр жылдары ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде, «Альфа-Банк» ЕБ АҚ, «Сбербанк» АҚ ЕБ, «ForteBank» АҚ, «Қазкоммерцбанк» АҚ, «Bereke Bank» АҚ-да басшылық лауазымдарды атқарған.