Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Бес жылға созылған тергеуден кейін Алматы әуежайының экс-президенті 8 жылға бас бостандығынан айырылды

Бес жылға созылған тергеуден кейін Алматы әуежайының экс-президенті 8 жылға бас бостандығынан айырылды

Айбол Бекмұхамбетов пен Қуаныш Тұмышев бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды. Олар әуежайдың жаңа иесіне миллион долларға жуық шығын төлеуі керек. Бұл туралы bes.media жазды.

«Сот үкімімен: Бекмұхамбетов Айбол Ануарұлы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағында («Бөтеннің сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе ысырап ету») қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, үкім шығарылсын. Бекмұхамбетовке қатысты қолданылған кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын өлшеп, күшін жойып, сот залында қамауға алу туралы үкім шығарды», деді үкімді оқыған Түрксіб аудандық сотының судьясы Дінасыл Жанатқызы.

Авиациялық жанар-жағармай қызметінің бұрынғы басшысы Қуаныш Тұмышевқа да осындай жаза тағайындалды.

«Бекмұхамбетов пен Тумышевтан Алматы халықаралық әуежайының пайдасына 913 мың 165 доллар немесе 417 миллион 891 мың 698 теңге материалдық шығын өндіріліп алынсын», - деп қосты судья.

Тергеушілердің мәліметінше, сотталушылар «Тарлан Аэро» ЖШС сервистік компаниясының иесімен бірлесіп, «Украина халықаралық әуе жолдары» (UIA) ұшағына жанармай құю кезінде екі шығыс актісін жасаған. Бланкілердегі отын мөлшері орташа есеппен 5 тонна айырмашылықпен көрсетілген. Артығы  үшке бөлініп алған.

Айыпталушылардың өздері тағылған айыптарды жоққа шығарды. Айбол Бекмұхамбетов оны қудалау тапсырыспен жасалғанын, мұның артында әуежай директорлар кеңесінің бұрынғы мүшесі және Тимур Құлыбаевтың серіктесі Раушан Сағдиева тұрғанын айтты. Оны сотқа шақырмақ болғанымен хабарласу мүмкін болмаған. 

Сот шешімі күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, Айбол Бекмұхамбетов Алматы халықаралық әуежайын 2009-2018 жылдары аралығында басқарып, 2018 жылы өз еркімен қызметінен кеткен. Бірақ 2019 жылы 6 сәуірде екі айға үйқамаққа алынған. Айыпталушы 15 сәуірде қамауға алу түріндегі үкімге келіспей, қалалық сотқа шағымданған. Бұдан кейін оған қатысты бұлтартпау шарасы кепілдікпен босатуға өзгертілді. Осылайша бес жылға созылған тергеуден кейін сот үкімі шықты.

Ұқсас материалдар