Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев халықты жасанды интеллект технологиясына оқытудың кешенді тәсілін ұсынатынын жеткізді.
Министрлік 2029 жылға дейін жасанды интеллект білімін беруді қамтамасыз етуді қолға алмақ.
«Біз 5 жыл ішінде 1 миллион адамды оқытуды жоспарлап отырмыз. Атап айтқанда, 500 мың оқушы, 300 мың студент, 90 мың мемлекеттік қызметші, 80 мың кәсіпкер және халықтың 30 мың басқа санаты. Қазіргі уақытта білім беру жобалары, оның ішінде мектеп оқушыларына арналған TUMO креативті технологиялар орталығы іске қосылуда», – деді министр.
Сондай-ақ, осы жылдың қазан айында жасанды интеллект саласындағы мамандарды даярлау үшін өңірде алғашқы TomorrowSchool жасанды интеллект мектебі ашылды.
Осы бастамалардың барлығы еліміздің адами капиталын дамытуға, таланттарды анықтауға және IT-саласын дамытуға мүмкіндік бермек.
Тегтер:
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
Өткен 11 айда отандастарымыздың зейнетақы активтері 4,25 трлн теңгеден асты
- 28 желтоқсан, 2024