
Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Шектеу бидай, жасымық және майлы зығыр тұқымдарына қолданылады және Қазақстан станцияларынан «РЖД» ААҚ-ның станцияларына барлық жөнелтілімдер үшін қолданылады.
Бұл ретте тыйым Новороссийск (Солтүстік Кавказ темір жолы) және Новый Порт станциялары арқылы астықты транзиттік тасымалдауға әсер етпейді. Шектеулер «Новороссийский морской торговый порт» ЖАҚ және «Морской порт Санкт-Петербурга» АҚ-да соңғы баратын елге фитосанитариялық сертификаттар ресімделген және астықты вагондардан кеме трюмдеріне тікелей ауыстырып тиеген жағдайда осы станциялар арқылы астық транзитіне қатысты болмайды.