Биткоин бағасының соңғы күндері өсуіне АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Трамптың Пол Аткинсті Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссияның (SEC) басшысы етіп тағайындауды жоспарлап отырғаны туралы ақпарат себеп болған. Аткинс танымал криптовалюта адвокаты.
Қараша айының басында өтіп, Дональд Трамп жеңіске жеткен АҚШ-тағы президенттік сайлаудан бері криптовалюта 1,5 есе қымбаттады. Сайлау кезінде биткоин бағасы $68 мың болған еді. Сарапшылардың айтуынша биткоин бағасы әлі де өседі.
MarketWatch жазуынша қазіргі кезде айналыстағы барлық биткоиндердің жалпы капитализациясы $2,04 триллионға бағаланады.