2024 жылы Brent маркалы мұнайдың бағасы орташа есеппен барреліне 83,3 АҚШ долл. деңгейінде қалыптасады (бұрынғы бағам – 81,0 АҚШ долл.). Бұл туралы Ұлттық Банктің сарапшылар қауымдастығы арасында жүргізген макроэкономикалық сауалнамасының нәтижесінде жазылды.
Сарапшылардың дәл осы марка бойынша 2025 және 2026 жылдардағы баға 80,0 АҚШ долл. деңгейінде болады деген болжам айтқан.
Ал АҚШ-тың Энергетика министрлігі 2024 жылы Brent бағасы барреліне $82, ал 2025 жылы— $79 көлемінде болады деген болжам жасады.
РФ Орталық банкі болса Brent бағасы 2024 жылы барреліне $85, 2025 жылы $75- $80 аралығында болады деген болжам жариялады.
Goldman Sachs болса биыл Brent бағасы $70–90 көлемінде болады деп отыр.