Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Биыл қаржы пирамидаларына қанша адам алданды?

Биыл қаржы пирамидаларына қанша адам алданды?

Жыл басынан бері 252 адам қаржы пирамидаларының құрығына ілініп үлгерген. Олар 358 млн теңгесінен қағылған.

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлім етті.  – 2025 жылы қаржы пирамидаларына ақша салған 464 адамның ішінен 252 адам зардап шегуші ретінде танылды. Жыл басынан бергі ғана залал 358 млн теңгеден асты, – деп жауап берді мекеме мамандары. 

Ал соңғы 4 жылда ел тұрғындары қаржы пирамидаларына ақша құямын деп, 36 млрд теңгеден астам шығынға ұшыраған.

– Соңғы 4 жылда Қаржылық мониторинг органдарының өндірісінде болған істер бойынша қаржы пирамидаларына 74 738 адам тартылған, оның ішінде 16 278 адам зардап шекті деп танылған. 4 жыл ішінде қаржы пирамидаларынан келтірілген залал шамамен 36 млрд 248 млн теңгені құрады. 2021 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қаржылық мониторинг органдары зардап шеккендерден 17 мыңға жуық өтініш қарады, – дейді олар.

Агенттік өкілдері қаржы пирамидасының кесірінен қалтасынан қағылған азаматтар шығынын қалай өтей алатынын айтты.

– Агенттік осы санаттағы істерді тергеу барысында зардап шеккендерге залалды «тірі» ақшамен, оның ішінде күдіктілердің мүлкіне тыйым салу арқылы өтеуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, сот айыптау үкімін шығарған кезде, сотталғандардан зардап шеккендерге келтірілген залалдың сомасы өндіріліп алынады, – дейді ведомство қызметкерлері.

Еске сала кетейік, бес мыңнан астам адамның қаржысын тартқан «HAS» қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталды.

Ұқсас материалдар