Биыл Қазақстан 5 пайыздық өсімге жетеді деп болжаймыз - ХВҚ басқарушы директоры
Кеше басталған Астана Халықаралық Форумына қатысушылардың бірі Халықаралық валюта қоры басқарушы директоры Кристалина Георгиева Қазақстан экономикасы туралы болжам айтты.
«Астанада болып, Форумға қатысуда жолымыз болды. Трансформациялық күшті көрудеміз. Осы жылы Қазақстан 5 пайыздық өсімге жетеді деп болжаудамыз. Жаһандық өсім 2,8 пайыз болады» - деді ол.
Ол сонымен қатар Орталық Азия елдеріне ескерту жасады.
«Реформа және тағы да реформа. Егер сіздер осы қарқынмен жылдам өзгермесеңіздер артта қалып қоясыздар. Өңірде халықтың 60 пайызы 30 жасқа дейінгі тұрғындар, осы орайда бұл азаматтардың өз әлеуетін толық пайдалана алатындығына көз жеткізулеріңіз керек. Орталық Азия әлемге бірлесіп жұмыс істеуге болатынын көрсете алады», - деді Кристалина Георгиева.
Форум аясында Кристалина Георгиеваны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қабылдады.
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
Қазақстан мен ШҰАА арасындағы тауар айналымы 17,67 млрд долларға жетті
- 09 желтоқсан, 2024