Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

«Бәйтерек» 2026 жылы экономикаға 8 трлн теңге бағыттайды

«Бәйтерек» 2026 жылы экономикаға 8 трлн теңге бағыттайды

Премьер-министр Олжас Бектенов төрағалығымен өткен отырыста Бәйтерек холдингінің биылғы инвестициялық жоспары таныстырылды.

Жоспарға сәйкес, 2026 жылы холдинг Қазақстан экономикасына жалпы 8 трлн теңге көлемінде қаржы салмақ.

Қаражат бірнеше негізгі бағытқа бөлінеді:

  • Аграрлық несие корпорациясы арқылы көктемгі егіс және жинау жұмыстарына – 300 млрд теңге;

  • ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алуға – 150 млрд теңге;

  • Отбасы банк арқылы ипотекалық несиелеуге – 100 млрд теңге.

Үкіметтің мәліметінше, бұл қаржы аграрлық секторды қолдауға, тұрғын үй қолжетімділігін арттыруға және экономиканың нақты секторын дамытуға бағытталады.

Жалпы алғанда, «Бәйтерек» холдингінің инвестициясы ел экономикасының өсімін ынталандырып, ірі жобаларды жүзеге асыруға серпін береді деп күтілуде.

Ұқсас материалдар