Батыс Қазақстан облысында Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В. компаниясының Қазақстандағы филиалына қатысты жоспардан тыс тексеріс жүргізілді.
Тексеріс Батыс Қазақстан облысы мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының талабы бойынша 3-16 ақпан аралығында өтті.
Нәтижесінде компанияның 2024 жылы атмосфераға белгіленген нормадан артық 13,84 тонна шығарындылар және нормадан тыс 0,051 тонна сарқынды су төгінділеріне жол бергені анықталды.
Осыған байланысты кәсіпорын Экологиялық кодекс талаптарын бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабы бойынша 2 млрд 77 млн теңгеден астам айыппұлға тартылды. Қазір айыппұлды өндіріп алу шаралары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, экология департаменті заңбұзушылықтың себептерін талдап, мұндай жағдайлардың алдын алу бойынша нұсқама берді.





