
Қазақстанда 2024 жылғы желтоқсанда есепке 181,9 мың бірлік автокөлік қойылған. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Бұл көрсеткіш 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,4%-ға артық екен.
2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында барлығы 1 836,3 мың автокөлік тіркелген. Олардың басым бөлігі желтоқсан айында есепке қойылған.
Жалпы, 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 744,1 мың бірлікті құрады, оның ішінде 88,1% – жеңіл автомобильдер, 9,9% – жүк автомобильдері және 2% – автобустар.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша, 2025 жылғы 1 қаңтарға Қазақстан автопаркінің шығарылған жылы бойынша көрінісі келесідей:
20 жылдан аса – 2 518,5 мың автокөлік
10-20 жыл – 1 361,7 мың автокөлік
7-10 жыл – 652,2 мың автокөлік
3-7 жыл – 838,8 мың автокөлік
3 жылдан кем – 362,6 мың автокөлік.