Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

БЖЗҚ қаржысының бір бөлігі Отбасы банк облигацияларына салынды

БЖЗҚ қаржысының бір бөлігі Отбасы банк облигацияларына салынды

Ұлттық банк мамыр айында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаражаты есебінен 34,5 млрд теңгеге жуық сомаға «Отбасы банкінің» облигацияларын сатып алды.

Бұл туралы зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі есепте айтылған.
Есепке сәйкес, өткен айда қазақстандық екінші деңгейлі банктердің бағалы қағаздарына салынған зейнетақы активтерінің көлемі 39,85 млрд теңгеге ұлғайып, 679,68 млрд теңгеге жеткен. Нәтижесінде олардың жалпы инвестициялық портфельдегі үлесі 2,57 пайызды құрады.

Инвестицияның негізгі бөлігі – 34,48 млрд теңге – «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің облигацияларын сатып алуға бағытталған.

Қазіргі уақытта зейнетақы активтері «Отбасы банкінен» бөлек, Alatau City Bank, ForteBank, Bank RBK, Еуразиялық банк, Банк ЦентрКредит және Халық банкінің бағалы қағаздарына да орналастырылған.

Ұлттық банктің мәліметінше, аталған қаржы институттарының облигациялары бойынша орташа алынған кірістілік жылдық 16,25 пайызды құрап отыр.

Жалпы, 2026 жылдың басынан бері Ұлттық банктің басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық кірістілігі 3 пайыз деңгейінде қалыптасты.

Сарапшылардың айтуынша, зейнетақы активтерін банк облигацияларына орналастыру қаржы нарығындағы өтімділікті қолдауға және салымшылар қаражатының табыстылығын арттыруға бағытталған. Сонымен бірге мұндай инвестициялар тәуекел мен кірістілік арасындағы тепе-теңдікті сақтай отырып жүзеге асырылады.

Ұқсас материалдар