Әлемдегі ең ірі банктердің бірі Citigroup Ресейдегі қалған бизнесін Renaissance Capital компаниясына сату туралы шешім қабылдады.
Компания бұл мәміледен шамамен 1,2 млрд доллар шығынға ұшырауы мүмкін екенін хабарлады. Сату процесі 2026 жылдың бірінші жартысында аяқталады деп күтіледі, оған дейін барлық қажетті рұқсаттар алынуы тиіс.
Ресей президенті Владимир Путин бұған жол ашатын жарлыққа 12 қарашада қол қойған. Citigroup-тың Ресейдегі активтері құрамындағы «Ситибанк» те осы келісімге кіреді. Банктің жалпы активтері 2,35 трлн долларды құрайды.





