Алматы. 5 мамыр. 7kun.kz – Наурыз айында Coca-Cola компаниясы Ресейдегі өз зауыттарынан шығатын сусындардың қоспасын жеткізуді тоқтатқан. Енді компания Реcей нарығынан толықтай кетуі мүмкін, деп хабарлайды 7kun.kz.
Әлемдегі ең ірі алкогольсіз сусындарды өндіруші Coca-Cola Co. Ресей нарығынан кетуі мүмкін. Бұл туралы компания басшысы Джеймс Куинси мәлімдеген. Ол The Wall Street Journal ұйымдастырған CEO Council Summit іс-шарасында Украинадағы қақтығыс ұзаққа созылса, РФ-дағы бизнес толықтай тоқтайды деген.
Coca-Cola Ресей Федерациясында жұмысын тоқтатпағаны үшін сынға ұшырады. Ал Джеймс Куинси Coca-Cola сияқты компаниялар билікке қысым көрсете алмайды деген. Бұған дейін Coca-Cola Ресейдегі бизнесті тоқтата тұрса, 2022 жылғы кірісі 1-2% ғана азаймақ деп болжаған.
Ресей Федерациясында Coca-Cola Co боттлер, Coca-Cola HBC болып жұмыс істейді. Компанияның алкогольсіз сусындар мен шырындар шығаратын 10 зауыт бар: Мәскеу және Мәскеу облысында (екі зауыт), Санкт-Петербургте, Самарада, Екатеринбургте, Ростов облысында, Новосибирскіде, Красноярскіде және Владивостокта орналасқан.
2021 жылы Coca-Cola HBC Ресейдегі сатылымды 18,3% - ға, яғни 373,3 млн қорапқа дейін арттырды. Ол, шамамен, 2,1 млрд литрді құрады.