Геосаяси шиеленістерге және жаһандық жағдайларға қарамастан, Қазақстанның ІЖӨ динамикасы жоғары. Бұл туралы ranking.kz жазды.
Мәселен, 2022 жылдың 11 айында экономиканың өсу қарқыны 2,7%-ды құрады. Қаңтар–қазан айларында сыртқы сауда айналымы 34% өсіп, 111 млрд АҚШ долларын құрады. Экспорт 45%, оның ішінде өңделген тауарлар экспорты 35% өсті. Биылғы қаңтар–қазан айларында негізгі капиталға салынған инвестиция 11,2 трлн теңгеге жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,8% көп.
ҚР-ның 2023–2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамына сәйкес, 2022 жылы экономикалық өсім 3%, 2023-2024 жылдары — 4%, 2025 жылы — 4,1%, 2026 жылы — 3,2%, 2027 жылы — 4,2% деп болжануда.