Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Доллар 5 теңгеге қымбаттады

Доллар 5 теңгеге қымбаттады

2026 жылғы алғашқы валюта саудасында доллар бірден шамамен 5 теңгеге көтерілді.

5 қаңтарда сағат 13:00-де Қазақстан қор биржасында (KASE) 1 доллар 511,25 теңге болды. Айырбас пунктерінде доллар 517 теңге тұрады.

2025 жылдың соңғы күні АҚШ валютасының құны 505,53 теңге деп белгіленген,  Мерекелік демалыстан соң,  доллар бірден көтерілді. 

Екінші деңгейлі банктер мен валюта айырбас мекемелерінде де доллар көтерілді. Kurs.kz мәліметінше, Алматы қаласында 1 доллар 513 теңгеден қабылданып, 515,5 теңгеден сатылып жатыр. Астана қаласында, әдеттегідей, бағам сәл өзгеше – 510 және 517 теңге.

Ұқсас материалдар