
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,29 теңгеге көтеріліп, 541,93 теңгеге жетті.
Дәл қазір Алматының ақша айырбастау оорындарында долларды орташа сатып алу бағамы – 540,64 теңге, сату – 543,44 теңге. Астанадағы ақша айырбастау орындарында долларды орташа алғанда 537,48 теңгеден сатып алып, 544,48 теңгеден сатып жатыр.