
Дженнифер Лопес концертіне билеттерді 11 сәуірде, сағат 11:00-ден бастап алуға болады.
Фанаттар үшін шектеу: бір адамға тек төрт билетке дейін сатып алуға болады.
Билет бағасына қатысты Astana Concert компаниясының продюсері Мәлік Хасенов мәлімдеме жасады.
Оның айтуынша, ең қымбат билет бағасы – 150 мың теңге. Әлемдік музыка супержұлдызының концертіне билет орташа есеппен 80 мың теңге тұрады.
Айта кетейік, америкалық супержұлдыз Дженнифер Лопес өзінің Up All Night әлемдік турнесі аясында 1 тамызда Астана арена стадионында өнер көрсетеді.