Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Екі ел арасындағы тауар айналымы 20 млрд доллардан асты

Екі ел арасындағы тауар айналымы 20 млрд доллардан асты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Италия Президенті Серджо Маттарелла Астанада өткен ресми кездесуден кейін БАҚ өкілдеріне бірлескен мәлімдеме жасады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Тоқаевтың айтуынша, Италия – Қазақстанның Еуропалық Одақтағы маңызды әрі сенімді стратегиялық серіктесі. Екі ел арасындағы ынтымақтастық соңғы жылдары едәуір кеңейіп келеді.

«Былтыр Қазақстан мен Италия арасындағы тауар айналымы 20 млрд долларға жетті. Ал биылғы 8 айда бұл көрсеткіш 11,3 млрд доллар болды», – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Италия Қазақстандағы ең ірі инвестор елдердің бірі болып табылады. Елде 250-ге жуық италиялық компания жұмыс істейді. 2005 жылдан бері италиялық инвестиция көлемі 7,6 млрд доллардан асқан.

Келіссөздер барысында тараптар:

  • Энергетика, ауыл шаруашылығы, машина жасау, жеңіл өнеркәсіп, азық-түлік өнеркәсібі салаларында жаңа инвестициялық жобаларды дамыту;

  • Іскер топтар арасындағы байланысты нығайту;

  • Транскаспий халықаралық көлік дәлізі мен басқа да логистикалық бағыттарды дамыту мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, Президенттер өткен жылы Тоқаевтың Римге жасаған ресми сапарында қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысын қарады.

Ұқсас материалдар