Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

«СИНЬСИН» компаниясына 1 млрд теңге айыппұл салынды

 «СИНЬСИН» компаниясына 1 млрд теңге айыппұл салынды

ШҚО Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының талабы бойынша Экология департаменті «СИНЬСИН Құрылыс және даму бойынша Қытай компаниясы» ЖШС-не қатысты тексеру жүргізді, деп хабарлайды Бас прокуратура. 

Тексеру нәтижесінде экологиялық заңнаманың бұзылғаны анықталды — ІІ санаттағы объектілерге экологиялық рұқсатсыз асфальтбетон қондырғысы мен ұсақтау кешенін пайдалану фактілері тіркелді.

2024 жылғы 21 қарашадағы инспектордың қаулысымен ЖШС Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Аталған қаулы ЖШС тарапынан Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына шағымданумен дауланды.

Соттың 2025 жылғы 4 наурыздағы қаулысымен ЖШС-нің кінәсі анықталып, 1 миллиард теңге көлемінде айыппұл салынды.

Тарап апелляциялық тәртіппен жоғары тұрған сотқа шағым түсірді, алайда 2025 жылғы 10 сәуірдегі апелляциялық инстанцияның қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

Ұқсас материалдар