Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

«ЭКСПО» қаражатын шетелге шығару фактісіне қатысты тергеу жүріп жатыр

 «ЭКСПО» қаражатын шетелге шығару фактісіне қатысты тергеу жүріп жатыр

«ЭКСПО» қаражатын жымқыруға қатысы бар барлық адамды анықтау үшін тергеу əрекеттері жүргізіліп жатыр.

Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Бас прокурор Берік Асыловтың жауабында айтылған.  

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің іс жүргізуінде «ЭКСПО» қаражатын жымқыру фактісі бойынша жеке басы анықталмаған адамдарға қатысты қылмыстық істің бар екенін хабарлаймыз. Осы тергеп-тексеру аясында іске қатысы бар барлық адамды, оның ішінде шет елдегі офшорлық компанияларға ақшаны шығару фактісін анықтауға бағытталған кешенді жедел-тергеу əрекеттері жүргізіліп жатыр», – деді Берік Асылов жауабында.

Оның атап өтуінше, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының ақша қаражаттарын жымқырғаны үшін 23 адам əртүрлі мерзімдерге бас бостандықтарынан айыруға сотталған.

«Сотталғандардың кінəсі туралы соттың тұжырымы жан-жақты зерттелген шынайы жəне жол берілетін дəлелдемелерге негізделген», – деді ол.

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-тың бұрынғы төрағасы Талғат Ермегияев Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаменті қауіпсіздігі орташа № 57 мекемесінде жазасын өтеп жатыр. 2016 жылдың маусымында ол 14 жылға сотталып, мүлкі тәркіленді. 

Ұқсас материалдар