Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ел экономикасына 9,9 трлн теңге инвестиция құйылды

Ел экономикасына 9,9 трлн теңге инвестиция құйылды

2025 жылдың жеті айының қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 9,9 трлн теңгеге жетті.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,1%-ға көп (2024 жылы – 8,3 трлн теңге).

Үкіметтің хабарлауынша, инвестициялардың басым бөлігі тау-кен өнеркәсібіне, жылжымайтын мүлік операцияларына, көлік пен қоймалауға, білім беру мен ауыл шаруашылығына, сондай-ақ денсаулық сақтау саласына бағытталған.

Экономикалық өсім де жоғары көрсеткішке жетті: 2025 жылдың жеті айының қорытындысы бойынша ел экономикасы 6,3%-ға артқан. Нақты сектордағы өсім – 8,3%, қызмет көрсету саласында – 5,2%.

Негізгі драйверлердің өсімі:

  • көлік – +22,5%

  • құрылыс – +18,5%

  • сауда – +8,6%

  • тау-кен өнеркәсібі – +8,5%

  • өңдеу өнеркәсібі – +6,1%

Ұқсас материалдар