Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Елімізде рташа зейнетақы 14 700 теңгеге көбейді

Елімізде рташа зейнетақы 14 700 теңгеге көбейді
2026 жылдың екі айында 2 млн 538 мың адамға 395,2 млн теңге зейнетақы төленген. Бұның ішінде 131,3 млн теңге базалық зейнетақы төлеуге кеткен.

Осылайша, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлағандай, 2026 жылдың 1 ақпанындағы мәлімет бойынша, Қазақстандағы орташа зейнетақы 157 843 теңге болған. Былтыр орташа зейнетақы 143 143 теңге болғанын ескерсек, биыл зейнеткерлер орташа есеппен 14 700 теңге көп зейнетақы алады.

«2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 157 843 теңге, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 103 931 теңге, базалық зейнетақы – 53 912 теңге болды», – деп хабарлайды министрлік. 

Ұқсас материалдар