Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Елімізде тәуелсіз директорлар институты күшейтіледі

Елімізде тәуелсіз директорлар институты күшейтіледі
Банктер туралы жаңа заң банктерді реттеуді жетілдіруді көздейді.

Бұл туралы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын Парламент Мәжілісінде бірінші оқылымда қарау барысында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова хабарлады.

Заң жобасында тәуелсіз директорлар шешімдерінің  объективтілігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін олардың институтын күшейту көзделеді. Тәуелсіз директорлардың тәуелсіздігіне қосымша талаптар енгізіледі, сондай-ақ директорлар кеңесінде болудың ең көп мерзімін 9 жыл деп белгілеу көзделеді.
Сонымен бірге халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалардың тізбесі кеңейтіледі.

«Уәжді пайымдау тетігін қолдану кеңейтіледі. Тәуекелдер, ішкі аудит және комплаенс бөлімшелерінің басшыларына қойылатын талаптар белгіленеді», – деп атап өтті Агенттік басшысы. 

Ол ескірген және қайталанатын нормалардың алып тасталғанын, ал барлық қаржы ұйымдарының акционерлері мен басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптардың бір ретке келтіріліп,  Қаржы нарығын  мемлекеттік реттеу туралы заңға ауыстырылатынын хабарлады.

Банктер туралы заңға ұсынылып отырған түзетулер банк жүйесінің қаржылық орнықтылығын арттыруға, ұлттық заңнаманы халықаралық стандарттарға сәйкес келтіруге, бәсекелестікті дамытуға және қаржы секторындағы инновацияларды ынталандыруға ықпал ететін болады.

Ұқсас материалдар