![Еліміздің халықаралық резерві 45 млрд доллардан асты](/uploads/posts/1739511504_S7p6jkVRcK7KA9naG_a4K-_w06yRu0uN/image/post7.jpeg)
Ұлттық банктің алдын ала мәліметтеріне сәйкес, 2025 жылдың қаңтарында Қазақстанның жалпы халықаралық резерві 2,91 пайызы өсіп, 47 млрд долларға жетті.
Халықаралық резерв құрылымындағы монетарлық алтын көлемі 8,36 пайызға артып, 25,8 млрд долларды құрады. Ал елдің таза халықаралық резервті өткен аймен салыстырғанда 3,29 пайызға өсіп, 45 млрд долларға жетіп отыр. Дегенмен, Ұлттық банктің валюталық активі 0,56 пайызға төмендеп, 58,5 млрд болды.
Бұған дейін Ұлттық банк Қазақстан Республикасының сыртқы борышының көлемі 2024 жылдың басынан бастап жылда 2,3 млрд АҚШ долларына ұлғайып, 2024 жылғы 1 қазанда 165,8 млрд долларды құрағанын жария еткен еді.
Таяуда Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов алтын-валюта резервінің ақшасын ішкі нарыққа бағыттау туралы шешімнің мәнін түсіндірген болатын.