Түркия Президенті кеше Түркі мемлекеттері Ұйымына кіретін мемлекет басшыларының
11-ші саммитіне қатысу үшін Бішкекке ұшып барды. Қырғызстан Президенті Манас әуежайынан салтанатты жағдайда күтіп алып, артынша екіжақты кездесулер өткізген. Оның қорытындысы бойынша екі тарап қауіпсіздік, энергетика, денсаулық, білім, мәдениет бойынша 19 шартқа қол қойған. Түркия тарапы Қырғызстанның жалпы $62,3 млн сыртқы қарызын кешірген. Ал Садыр Жапаров болса түрік көшбасшысына алғыс айтып, «Манас» орденімен марапаттаған. Ердоған бүгін Ердоған «Ата-Бейит» кешеніне гүл қойып, Шыңғыс Айтматовтың мазары басында құран оқыды.
Бүгін сондай-ақ, Түркия Президенті Садыр Жапаровқа ақ түсті TOGG электрокөлігін сыйға тартып, екеуі жүргізіп көрген. Айта кетейік, Ердоған бұған дейін бұл маркадағы көлікті Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевке, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевқа, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа сыйлаған.
Былтыр Ердоған Түркия электрокөліктері 2025 жылдан бастап өзге елдерге экспортталады деп мәлімдеген. Сондай-ақ, 2030 жылға қарай жыл сайын 1 миллион көлік шығаратынын айтты.