Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ерлан Қарин ҚР вице-президенті болып тағайындалды

Ерлан Қарин ҚР вице-президенті болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасының Вице-Президенті болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Айта кетейік, бүгін Құрылтай отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-президент лауазымына Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынып, депутаттар бірауыздан қолдады. 

«Ерлан Қарин – елге танымал азамат. Ол мемлекеттік басқару жүйесінде ұзақ жыл жұмыс істеді, көкжиегі кең, тәжірибесі мол, отаншыл азамат деп айтуға болады. Ауқымды реформаларды сапалы іске асыруға белсенді түрде атсалысты. Мемлекеттің стратегиялық бағдарын, даму жоспарын жақсы түсінеді. Сондықтан Ерлан Тынымбайұлы Қаринді осы лауазымға лайық деп есептеймін. Құрылтайдан бұл кандидатураны қолдауды сұраймын», — деді Құрылтайдың жалпы отырысында Мемлекет басшысы.

Ерлан Қарин 2019 жылдан бастап ҚР Президентінің кеңесшісі, ҚР Президентінің көмекшісі, ҚР Мемлекеттiк хатшысы, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі, соңғы уақытта ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметінде болды. Сондай-ақ, соңғы уақытта жүзеге асқан ең ауқымды саяси реформалардың басында жүрді. 





Ұқсас материалдар