Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Еуроодақ Ресейге қарсы санкцияны күшейте түспек

Еуроодақ Ресейге қарсы санкцияны күшейте түспек
Бұл туралы 9 қарашада Киевте өткен баспасөз мәслихатында Еуропа Одағының дипломатия басшысы Жозеп Боррелль мәлімдеген еді.

«Алғашқы кезде санкциялар туралы айттым. Иә, біз Ресейге қарсы 15-ші санкциялар пакетін дайындап жатырмыз. Біз санкциялардан жалтаруға жол бермеу мақсатында күресті күшейтуіміз керек», – деді ол Киевте өткен баспасөз мәслихатында.

Еуропалық комиссияның баспасөз қызметі Борреллдің Америкадағы Президент сайлауынан кейін Украинаны қолдауды күшейту маңызды екенін туралы айтқанын жариялаған.

Санкция аясында Брюссель ЕО-ға мүше елдерді ресейлік газбен қамтылуына шектеулерді күшейтуді, сондай-ақ энергия ресурстарын тасымалдаумен айналысатын ресейлік танкер флотына қатысты шара қабылдауды көздеп отыр.

Жозеп Боррель Еуроодақтың әскери оқу-жаттығу миссиясы қыстың соңына дейін Украинаның 75 мың әскерін дайындайтынын айтты.

Ұқсас материалдар