
«Алғашқы кезде санкциялар туралы айттым. Иә, біз Ресейге қарсы 15-ші санкциялар пакетін дайындап жатырмыз. Біз санкциялардан жалтаруға жол бермеу мақсатында күресті күшейтуіміз керек», – деді ол Киевте өткен баспасөз мәслихатында.
Еуропалық комиссияның баспасөз қызметі Борреллдің Америкадағы Президент сайлауынан кейін Украинаны қолдауды күшейту маңызды екенін туралы айтқанын жариялаған.
Санкция аясында Брюссель ЕО-ға мүше елдерді ресейлік газбен қамтылуына шектеулерді күшейтуді, сондай-ақ энергия ресурстарын тасымалдаумен айналысатын ресейлік танкер флотына қатысты шара қабылдауды көздеп отыр.
Жозеп Боррель Еуроодақтың әскери оқу-жаттығу миссиясы қыстың соңына дейін Украинаның 75 мың әскерін дайындайтынын айтты.