Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Еуропада Tesla көліктеріне сұраныс азайды

Еуропада Tesla көліктеріне сұраныс азайды

Еуропалықтар арасында америкалық Tesla компаниясының өнімдеріне сұраныс төмендеді.   

Бұл  туралы жазған dw.com жыл басынан бері бұл электромобильдердің саудасы 49% азайғанын хабарлады. 

Тіпті АҚШ-тың өзінде бұрынғыдай сұраныс жоқ. Сарапшылар бұл жағдайға компания басшысы – Илон Маск беделінінің төмендеуі әсер еткенін айтады. Ол АҚШ-тың үкімет тиімділігі департаментіне басшылық еткелі мемлекеттік қызметкерлер арасында жаппай қысқартулар жүргізді. Бұған наразылық ретінде әлдекімдер Tesla автосалондарын шабуылдай бастады. Электр көліктері сатылымдарының төмендеуіне Қытай тарапынан бәсекенің де артуы әсер еткен.

Ұқсас материалдар