Атап айтқанда банктің басқарма төрағасының бірінші орынбасары Гаухар Бисембиева мен төрағаның орынбасары Әмірхан Чиканаев пен Айдын Әуезханов, басқарушы директор Астан Сағитов банктен кетеді. Олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің келісімін алған күнге дейін лауазымдарын атқара береді.
Сондай-ақ, «ForteBank» АҚ Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 5 желтоқсандағы шешіміне сәйкес Басқарма мүшелері – басқарушы директорлары лауазымынан тағайындалу үшін Алма Әбілжанова ( корпоративті бизнес), Әнуар Болғауов (заң блогы), Нариман Жарқынбаев (бөлшек өнімдер блок), Сергей Карташов (IT бағыты), Анна Пилипенко (операционный блок), Ернар Тәшенов (SME-блок және филиалдық желі) кандидатуралары қаралып және мақұлданды, делінген банк хабарламасында.
Бұлардың ішінде Нариман Жарқынбаевтан басқасы соңғы бірнеше жылдан бері ForteBank-те басшылық қызметтер атқарған. Жарқынбаев соңғы жылдары түркиялық Sekerbank-ті бас менеджер ретінде басқарған.
Баспасөз мәлімдемесінде өзгерістердің не үшін болғаны айтылмайды. Алайда бұл Басқарма төрағалығына Талғат Қуанышевтің тағайындалуымен тікелей байланысты болуы мүмкін.
Айта кетейік, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жақында ғана Қуанышевтің кандидатурасын мақұлдап, келісім берген еді.
Ал 2024 жылдың 1 қарашасына дейін банкті Бекжан Пірматов басқарды. Мерзімінен бұрын қызметінен кеткен экс-төраға «Верный капитал» компаниялар тобының құрамында басқа жұмысқа ауысқан.
ForteBank ағымдағы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 21 банк арасында активтерінің көлемі жағынан 5-ші орында. 1 қазандағы KASE-дегі мәліметтері бойынша банктегі үлестің 89,01%-ы олигарх Болат Өтемұратовқа тиесілі.