Қазақстандық ғалымдар салқындатылған құс етінің сақтау мерзімін нитраттар мен нитриттерсіз 20 тәулікке дейін ұзартатын инновациялық технология әзірледі.
Жаңа әдіс Lactococcus lactis бактериясы мен сүт сарысуына негізделген антимикробтық жабын қолдануға мүмкіндік береді және Pseudomonas, Salmonella, Listeria сияқты патогендерді тежейді.
Технология өнімнің сапасын ұзақ уақыт бойы сақтап, экспорттық әлеуетті арттыруға жол ашады. Өндірістік сынақтар «Медеу 55» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясында жүзеге асырылды. Ғалымдардың айтуынша, әдіс отандық шикізатты терең өңдеуге және импорттық қоспаларға тәуелділікті азайтады.





