Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Германияда Toyota мен Lexus-ті қашықтан оталдыру функциясы өшірілді

Германияда Toyota мен Lexus-ті қашықтан оталдыру функциясы өшірілді

фото ЖИ

Себеп ретінде экологиялық талаптар аталды. Bild басылымының мәліметінше, бұл жағдайдан мыңдаған адам зардап шеккен. Автокөлік иелері де, басылымның өзі де маркалардың Германиядағы өкілдіктеріне жүгінген. Онда функцияның ресми түрде өшірілгені расталды.


Компания өкілдері мұны тұрғын аймақтарда көліктерді қыздыруға заңмен тыйым салынғанымен түсіндірді. Бұл талап тұрғындардың денсаулығы мен экологияны қорғау мақсатында енгізілген, ал автоконцерн өз көліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіргенін мәлімдеді.


Қозғалтқышты іске қоспай, көлік иелері алдын ала жылыту жүйесін және климат-бақылауды қоса алмайды. Ал бұған көптеген жүргізушілер үйреніп қалған.


Бұл шектеулер электрмобильдері мен қосылатын гибрид Toyota мен Lexus-терге  қойылмаған. Себебі бұл көліктерде двигателді қоспай-ақ салонды жылытуға мүмкіндік беретін электр жүйесі бар.

Ұқсас материалдар