Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Gemini жасанды интеллекті қазақ тілінде қолжетімді болды

Gemini жасанды интеллекті қазақ тілінде қолжетімді болды

Google компаниясы Тәуелсіздік күніне орай Gemini жасанды интеллектінің қазақ тіліндегі нұсқасын іске қосқанын жариялады.

Қазақ тілі Gemini-дің 3-буынын жаңарту аясында қосылған 23 жаңа тілдің қатарына енді.

Қазіргі таңда Gemini-дің қазақша интерфейсі веб-нұсқада қолжетімді. Оны пайдалану үшін Google аккаунтының баптауларында қазақ тілін таңдау жеткілікті. Алдағы уақытта Android және iOS жүйелеріне арналған нұсқалар мен Gemini Live сервисін іске қосу жоспарланып отыр.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, бұл бастама Қазақстанда жасанды интеллектіні дамытуға, цифрлық дағдыларды арттыруға және технологиялардың қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған. Ведомство жаһандық ЖИ шешімдерінің қазақ тілінде қолжетімді болуы цифрлық мемлекетті дамытудағы маңызды қадам екенін атап өтті.

Министрлік алдағы уақытта жасанды интеллектіні дамыту және цифрлық өнімдерді локализациялау бағытында халықаралық серіктестермен ынтымақтастықты жалғастыратынын мәлімдеді.

Ұқсас материалдар