Грузияның автокөлік экспортының 80 пайызы Қырғызстан мен Қазақстанға тиесілі

Биыл Грузия жеңіл автокөліктерді қайта экспорттаудан 1,2 миллиард доллар табыс тапты, – деп хабарлайды newsroom.kz.
2025 жылдың алғашқы жартысында Грузия 1,2 миллиард долларға жуық жеңіл автокөліктерді басқа елдерге қайта сатқан. Бұл елдің жалпы экспорттық кірісінің 38%-ын құрайды.
Көлік экспорты 2021 жылдан бері 493 пайызға өскен. Автокөлік экспортының басым бөлігі (81%) Қырғызстан мен Қазақстанға тиесілі, бұл шамамен 981 миллион долларды құрайды.
Жыл басынан бері Қырғызстанға Грузиядан 681 миллион доллардың тауары экспортталған, оның ішінде 628,2 миллион доллары – автокөліктер. Салыстырсақ, Еуропа елдеріне экспорт көлемі 372,7 миллион доллар болды.
Грузиядан қайта сатылған бір автокөліктің орташа құны 2021 жылмен салыстырғанда үш есеге өсіп, 7,6 мың доллардан 24 мың доллардан асты.