Алматы. 6 ақпан. 7kun.kz – 2017 жылдың желтоқсаны - 2018 жылдың қарашасында Қазақстанда H&M бутиктер желісінің сатылымы 8 млрд теңгені құрады.
2017 жылдың желтоқсаны - 2018 жылдың қарашасында Қазақстанда H&M бутиктер желісінің сатылымы 8 млрд теңгені құрады.
Сонымен қатар, бір жыл бұрынғы сәйкес кезеңде осы брендтің үш дүкені тауарларды 6 млрд.теңгеге сатқан. Өсім 35%-ды құрады.
Өз кезегінде, төртінші қаржы тоқсанында (2018 жылғы қыркүйек-желтоқсан) бутиктерде тауарларды 2 млрд теңгеге сатқан.
Ресейде (139 дүкен) бір жыл ішінде 227,6 млрд теңгеге тауар сатты, ал бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 187,9 млрд теңгені, Украинада - 2,2 млрд теңгені (екі дүкен) құрады.
2018 жылдың қыркүйек-қараша айларында әлемнің әр түрлі елдеріндегі 4,9 мың дүкеннің жалпы сатылымы 2,2 трлн теңгеге жетті. 2017 жылдың IV тоқсанының көрсеткішімен салыстырғанда (1,9 трлн теңге) компания кірісі швед кронасында 12%-ға және ұлттық валютада 6%-ға өсті.
Бір жыл ішінде H&M дүкендері 8,3 трлн теңге табыс тапты, бұл бір жыл бұрынғыдан 5% (швед кронасында) жоғары.