Есепті кезеңде таза пайыздық кіріс 32,1%-ға өсіп, 511,263 млрд теңгеге дейін жетті, таза комиссиялық кіріс 0,5%-ға, 51,453 млрд теңгеге дейін төмендеді.
Жыл басынан бері банк активтері 8,1%-ға өсіп, 16,749 трлн теңгені, міндеттемелері – 8,9%-ға өсіп, 14,173 трлн теңгені, капиталы – 4%-ға өсіп, 2,576 трлн теңгені құрады.
Несие портфелі 6,6%-ға өсіп, 9,897 трлн теңгеге, депозиттік портфель 6,3%-ға, 11,615 трлн теңгеге дейін өсті.
Халық банкін Қазақстанның тұңғыш президентінің қызы мен күйеу баласы Динара мен Тимур Құлыбаевтар Holding Group Almex (56,39%) арқылы басқарады, номиналды ұстаушы 23,07% үлесімен The Bank of New York. Банк акциялары Лондон қор биржасында Қазақстан қор биржасында және AIX-те саудаланады.
Ұлттық банктің мәліметінше, 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Халық банкі Қазақстандағы 21 банк арасында активтерінің көлемі бойынша 1-ші орынды иеленді.