Француздық Hermes International SCA сән үйінің өткен жылғы таза пайда 28%-ға артып, 4,3 млрд еуроны құрады. Операциялық пайда 20 пайызға өсіп, 5,65 миллиард еуроға жетті.
Компанияның пресс-релизінде хабарланғандай, кірісі бір жыл бұрынғы 11,6 миллиард еуродан 13,43 миллиард еуроға дейін өсті. Бұған дейін Visible Alpha сауалнамасына қатысқан сарапшылар орташа есеппен 13,32 миллиард еуро кірісті болжаған.
Hermes дүкендері бар барлық аймақтарында сауда көлемі өскен. Мысалы, Францияда сатылым 20%-ға өсіп, 1,27 млрд еуроға дейін, Еуропаның басқа елдерінде – 18,4%-ға, 1,82 млрд еуроға дейін жетті. Жапониядағы сату көлемі 14,5%-ға, 1,26 млрд еуроға дейін, Жапонияны қоспағанда Азия-Тынық мұхиты аймағындағы елдерде – 19,9%-ға, 6,27 млрд еуроға дейін өсті. Америкада сатылым 17,1 пайызға өсіп, 2,5 миллиард еуроға жетті.
Айта кетейік, Hermes киім, аксессуарлар, сағаттар, парфюмерия, зергерлік бұйымдар, ыдыс-аяқтар, ат әбзелдері сынды әртүрлі өнімдерді шығарады. Олардың ішінде ең танымалы - Birkin және Kelly брендтерінің сөмкелері, сондай-ақ шарфтар.
Компания 2023 жылға дивидендтерді бір акцияға 15 еуродан төлеуді жоспарлап отыр.