Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Huawei Алматыда өңдеу орталықтарына арналған озық шешімдерін таныстырды

Huawei Алматыда өңдеу орталықтарына арналған озық шешімдерін таныстырды

Huawei Алматыда деректерді өңдеу орталықтарын (ДӨО) жобалау, салу және пайдалану бойынша жетекші мамандарды біріктірген «Data Center Design & Engineering Forum» форумы мен көрмесінде деректерді өңдеу орталықтарына арналған озық шешімдерін таныстырды.

Таныстырылған жобалар қатарында ауқымдауға икемді және жылдам орналастырылатын, энергия тиімділігін қамтамасыз ететін шешімдер модульдік префаб ДӨО-лар, қоршаған ортаның табиғи салқындығын пайдалану арқылы энергия тұтынуды азайтатын экологиялық таза технология -  фрикулингі бар салқындату жүйелері бар. Сондай-ақ, жоғары өнімді есептеулер мен үлкен деректер модельдерін қолдауға оңтайландырылған жасанды интеллектке арналған арнайы ДӨО-лар бар. 

«Бүгінгі жаһандық трендтер көрсетіп отырғандай, корпоративтік сегменттегі деректерді өңдеу орталықтары нарықта басымдыққа ие. Алайда, 2030 жылдан бастап коммерциялық дата-орталықтарға жаппай көшу күтілуде. Қазір бұл нарық қалыптасу кезеңінде, бірақ алдағы жылдары қарқынды дамып, цифрлық инфрақұрылымның негізгі секторы болмақ», – дейді Huawei-дің өңірлік бизнес дамыту менеджері Алексей Кудрявцев.

Форум аясында Huawei компаниясының Digital Power департаментінің өнімдер мен шешімдер жөніндегі менеджері Евгений Каазик баяндама жасап, деректерді өңдеу  орталықтарының энергия тиімділігі мен тұрақты дамуына арналған Huawei-дің инновациялық технологияларын таныстырды.

«Data Center Design & Engineering Forum ДӨО индустриясының болашағын қалыптастыратын негізгі инновацияларды талқылау және тәжірибе алмасу үшін бірегей платформаға айналды. Huawei серіктестерімізге өнімділікті арттыруға, операциялық шығындарды азайтуға және инфрақұрылымның ең жоғары сенімділігін қамтамасыз етуге көмектесетін шешімдерді белсенді түрде дамытуды жалғастыруда», – деп атап өтті Евгений Каазик.

Ұқсас материалдар