Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

I жартыжылдықта Қазақстандағы автотехника өндірісі 14,6%-ға азайды

I жартыжылдықта  Қазақстандағы автотехника өндірісі 14,6%-ға азайды

Қазақстанда 2024 жылдың қаңтар-маусым айларында автоөндірісте 62 435 бірлік техника шығарып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14,6%-ға азайды. Бұл туралы Қазақстан автокөлік одағының баспасөз қызметі хабарлады.

Есепті кезеңде автокөлік техникасының жалпы құны 814,4 млрд теңгені құрады.

6 айдың қорытындысы бойынша Қостанайда (Allur) 38 691 бірлік техника (-12,5%) шығарды. Алматыда (Hyundai Trans Kazakhstan, Hyundai Trans Almaty) 19 330 (-22,4%) жеңіл және коммерциялық автокөлік шығарылды.

Семейде ("СемАЗ", Daewoo Bus Kazakhstan) – 2 528 бірлік коммерциялық техника (+17%) өндірілді. Қарағанды облысында автобус және арнайы техника өндіруші QazTehna 644 бірлік техника (+45%) шығарды. Көкшетауда "КАМАЗ-Инжиниринг" 415 бірлік коммерциялық техника (-24,8%) өндірді.

2024 жылдың қаңтар-маусым айларында ең танымал бес бренд (экспортты қоса алғанда): Hyundai (19 155 бірлік), Kia (12 967 бірлік), Chevrolet (12 830 бірлік), Jac (6 730 бірлік) және Jetour (5 199 бірлік). Модельдер бойынша ең көп өндірілгендер: Chevrolet Cobalt (10 534 бірлік), Hyundai Tucson (10 235 бірлік), Kia Sportage (5 769 бірлік), Jac J7 (3 192 бірлік) және Jetour X70 (2 940 бірлік).

 

Ұқсас материалдар