
Илон Масктің SpaceX компаниясы Starship зымыран тасығыштың 11-ші сынағын сәтті өткізді.
Бұл – осы күнге дейін жасалған ең ірі ғарыш кемесі. Ақпаратты корпорация X әлеуметтік желісінде хабарлады.
«Қонғаны расталды! Starship-тің он бірінші сынақ ұшуын сәтті аяқтаған SpaceX командасын құттықтаймыз!» делінген хабарламада.
DW жазуынша, бұл ұшыру Ай мен Марсқа жоспарланған, болашақ миссияларға бағытталған кеңейтілген функционалды сынақтар алдындағы соңғы кезең. Кеме Техастағы Starbase ғарыш айлағынан жергілікті уақытпен 18:24-те ұшырылды. Ұшқаннан кейін 10 минут өткен соң, Super Heavy үдеткіші сәтті түрде Мексика шығанағына қонды. Ал Starship-тің жоғарғы сатысы орбитаға шығып, Starlink спутниктерінің макеттерін орналастыру міндетін орындап, соңында Үнді мұхитына қонды.
Бұған дейін Маск Starship ғарыш кемесі Марсқа 2026 жылдың аяғында ұшады деп хабарланған. Миллиардердің айтуынша, оның бортында адам тәріздес Optimus роботы болады. Егер сынақ сәтті өтсе, онда ғарышкерлер Қызыл ғаламшарға 2029-2031 жылдары ұшуы мүмкін.