
Қарағанды облысы Нұра ауданына қарасты ауылдардың біріндегі имам Ресейден дәрі сатып аламын деп сан соғып қалды.
Ол полицияның баспасөз қызметіне алаяқтарға 1 млн теңгені қалай аударып жібергенін айтып берді.
«2024 жылдың қазан айында Қарағанды облысы Нұра ауданына қарасты ауылдардың біріндегі мешіт имамы алаяқтардың құрбаны болды. Қаскөйлер жәбірленушіні ресейлік фармацевтикалық компаниядан дәрі-дәрмекке тапсырыс бергені үшін өтемақы алуға болатынына сендірген. Сөйтіп имам 20 күн ішінде олардың шотына 1 миллион теңгеден астам қаражатты өз еркімен аударған. Алаяқтардың алдауына түскенін түсінген соң, 2025 жылдың 13 қаңтарында полицияға жүгінген», – деп хабарлайды Қарағанды облысының Полиция департаменті.