
Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Ол 2025 жылы инвестициялардың қосымша көлемі Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асырудың басталуының арқасында қамтамасыз етілетінін атап өтті. Инвестициялар көлемі 5 жылда 13 трлн теңгеден асады, бұл ретте биыл инфрақұрылымды жаңғыртуға салынған инвестициялар шамамен 1,2 трлн теңгені құрайтын болады.
«Ұлттық жоба инвестициялардың өсуіне, сондай-ақ жаңа отандық тауарлар мен елдің коммуналдық инфрақұрылымын салу кезінде өнімдері сатып алынатын өндірушілердің пайда болуына ықпал етеді. Ұлттық жобаны іске асыру инфрақұрылымның тозуын азайтуға және оның сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Серік Жұманғарин.