Алматы. 30 қараша. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасы (KASE) 2018 жылдың 1 қарашасы мен 14 желтоқсан аралығында акциялар нарығында бөлшек сауда инвесторларының арасында конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды.
Іс-шараны өткізу Қазақстанда акциялармен биржалық сауданы дамытуға бағытталған.
Конкурсқа қатысуға KASE қор нарығы мүшелерінің (брокерлердің) клиенттері болып табылатын жеке тұлғалар жіберіледі.
Байқау шарттарына сәйкес қатысушылар өкілдік енгізген KASE Индексінің тізімі бойынша акциялармен нақты саудаға қатысады. Конкурс өткізу кезінде қатысушыға көрсетілген акцияны сатып алуға немесе сатуға кемінде екі келісім жасау міндетті.
Конскурстың нәтижесінде, акциялармен мәмілелер жасау қорытындылары бойынша ең жоғары кірістілік алған 3 қатысушы жеңіппаз атанады.