Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің көлемі 59,7 млрд теңгеден асты

ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің көлемі 59,7 млрд теңгеден асты

1 қазандағы жағдай бойынша Инвестициялық портельді басқарушылардағы зейнетақы активтері шамамен 59,7 млрд теңгеге жетті, деп хабарлады БЖЗҚ баспасөз қызметі.

Оның ішінде «Jusan Invest» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен - 9,8 млрд теңге.

Компанияның негізгі инвестициялары: ҚР ҚМ МБҚ – 31,25%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 23,33%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 11,87%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары - 8,58%, РЕПО – 8,33%, шет мемлекеттердің МБҚ – 5,62%. Атап кетейік, портфельдің 68,12% теңгемен, 31,88% АҚШ долларымен ұсынылған.  

Инвестициялық қызмет нәтижесінде 2024 жылдың 9 айында есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 1 067,94 млн теңге болды. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 12,49% құраған. .

«Halyk Global Markets» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 4,4 млрд теңгеден асты.

Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 20,45%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 16,72%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 13,57%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 13,05%, "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 12,16%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 7,74%, шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (Паи ETF) – 7,57%.   

Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 73,09%, АҚШ долларымен 26,91% тең.

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2024 жылдың басынан бастап есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 2024 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 445,10 млн теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 10,84%.

Ал "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері - шамамен 5,2 млрд теңге.

Инвестициялардың негізгі бағыттары: Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 29,36%, РЕПО – 16,17%, ҚР ЕДБ облигациялары – 12,02%, ҚР ҚМ МБҚ – 11,02%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 8,98%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 7,90%, пайлар (ETF индекстеріне) – 6,37%.

Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 83,71%, АҚШ долларымен 16,29% инвестицияланды.

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2024 жылдың 9 айына есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 497,08 млн теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 10,67%.

"Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 1,6 млрд теңге.

РЕПО – 25,3%, ҚР ҚМ МБҚ-ға активтердің 22%, квазимемлекеттік ұйымдардың облигацияларына – 12,41%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 9,73%, ҚР ЕДБ облигациялары – 10,53%, АҚШ мемлекеттік облигациялары – 6,82%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 6,79% инвестицияланды.

Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 75,46%, АҚШ долларында – 22,93%, канадалық долларда - 1,61% инвестицияланды.

Инвестициялық қызмет және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі нәтижесінде 2024 жылдың басынан бастап 1 қазандағы жағдай бойынша есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 157,05 млн теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 12,23%.

"Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 38,7 млрд теңгеден асты.

Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: ҚР ҚМ МБҚ – 26,01%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 13,04%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 11,19%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 10,08%, "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 9,86%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 8,66%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 8,31%, шет мемлекеттердің МБҚ – 7,09%.

Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 68,45%, АҚШ долларында – 31,55% инвестицияланды.

Инвестициялық қызмет нәтижесінде 2024 жылдың басынан бастап 1 қазандағы жағдай бойынша есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 3 666 млн теңге болды. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 11,52%.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының  сенімгерлік басқаруына міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмастан бере алады. Ал ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшыларға  оны ИПБ-ға 100% көлемінде беруге болады. 

Ұқсас материалдар