Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ипотека шарттары өзгерді: «Отбасы банк» жаңа ставка енгізді

Ипотека шарттары өзгерді: «Отбасы банк» жаңа ставка енгізді

Отбасы банк 4 маусымнан бастап аралық несие бойынша бірыңғай пайыздық мөлшерлеме енгізеді. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа тәртіпке сәйкес, бұған дейін 6%-8,5% аралығында өзгеріп келген ставкалардың орнына барлық аралық несиелер үшін жылдық 8,5% бірыңғай мөлшерлеме белгіленеді. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 9%-9,6% аралығында болады.

Банк мәліметінше, бұрын 6%-7,5% мөлшерлемемен несие рәсімдей алған клиенттер үшін ипотека қымбаттайды. Өзгеріс тұрғын үй сатып алу, құрылыс, жөндеу, жер телімін алу және «Әскери баспана», «Свой дом» сияқты бағдарламаларды қамтиды.

Отбасы банк есебіне сәйкес, 30 млн теңгелік несие кезінде мөлшерлеменің 7,5%-дан 8,5%-ға өсуі ай сайынғы төлемді шамамен 12-20 мың теңгеге арттырады.

Банк 2026 жылғы 4 маусымға дейін алдын ала мақұлдау алған клиенттер үшін бұрынғы шарттар сақталатынын нақтылады. Негізгі тұрғын үй несиелерінің шарттары өзгеріссіз қалады: мөлшерлеме 3,5%-5% деңгейінде, ал жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 3,6%-6,9% аралығында.

Осылайша, өзгерістер тек аралық несиелерге қатысты енгізіліп отыр.

Ұқсас материалдар